2020 жылдың 25 қараша айында М. Жұмабаева атындағы жоғары колледжінде онлайн – конференция режимінде ZOOM платформасы арқылы колледж студенттері арасында «Бастауыш білім беру» құзыреттілігі бойынша «WORLDSKILS KAZAKHSTAN – 2020» кәсіби шеберлік байқауының аймақтық чемпионаты өтті.
Байқауды ұйымдастырушысы - М.Жұмабаева атындағы жоғары колледжі. Байқау әлемдегі педагогикалық мамандықтардың беделін арттыруға және кәсіби білім беруді дамытуға бағытталған.
WORLDSKILLS KAZAKHSTAN чемпионатын өткізудің мақсаты-педагогикалық мамандықты танымал ету, WorldSkills Ұлттық чемпионатына қатысу үшін мамандықтың үздік өкілдерін анықтау және іріктеу.
Міндеттері:
- студенттердің кәсіптік білімге деген қызығушылығын ынталандыру;
- студенттердің зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту ; ;
- қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу
Кәсіби шеберлік конкурсы WORLDSKILLS талаптарына сәйкес өткізілді (конкурсқа қатысушыларды қауіпсіздік техникасы ережелерімен, нормативтік және конкурстық құжаттамамен таныстыру, конкурстық орындарды бөлу бойынша жеребе тастау, конкурстық тапсырманы орындау уақытын есепке алу, тапсырмаларды бағалау критерийлерін бекіту, төрешілік рөлдерді бөлу).
Кез-келген сайыс адал және асыл, ал төрешілік әділ болуы керек.
«Бастауыш білім беру» құзыреттілігі бойынша сарапшылар
- Бас сарапшы «С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясының" КММ бастауыш білім беру мұғалімі Абуева Райса Турлыбековна
- № 9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, "Елбасы медалі" Білім беру жобасының қола деңгейіне қатысушы Стаценко Екатерина Андреевна
- М.Жұмабаева атындағы жоғары колледжінің бастауыш оқыту әдістемесінің оқытушысы Муратова Алтыншаш Кабдолловна
«Бастауыш білім беру» құзыреттілігі бойынша 3 қатысушы қатысты. Кәсіби шеберлік байқауы 3 конкурстық тапсырманы орындауды көздеді.
WORLDSKILS KAZAKHSTAN – 2020 аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының конкурстық тапсырмалары
№
|
«Бастауыш білім беру» құзыреттілігі бойынша»
конкурстық тапсырмалар
|
Регламент
|
1
|
Өзін-өзі таныстыру
|
5
|
2
|
Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс іс-шаралардың үзіндісін дайындау және өткізу
|
7-10
|
3
|
«5 минут ішінде үйретемін» шығармашылық байқауы
|
5
|
Әрбір байқау тапсырмасы WSK критерийлері мен талаптарына сәйкес бағаланды. Конкурстық тапсырмаларды өткізу қорытындылары бойынша сараптамалық кеңес отырысының қорытынды хаттамасы толтырылып, конкурс өткізу кезінде жинаған жалпы балл саны толтырылды.
Солтүстік Қазақстан облысының студенттері арасында WorldSkills Kazakhstan кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары
«Бастауыш білім беру» құзыреттілігі бойынша
|
№
|
Алған орны
|
Қатысушының
аты-жөні
|
Тәлімгердің аты-жөні
|
1
|
І дәрежелі диплом
|
Ахметжан Т.
|
Муратова А.К.
|
2
|
II дәрежелі диплом
|
Васильева А.
|
Югай Н.Л.
|
3
|
III дәрежелі диплом
|
Кондратьева А.
|
Лялькова А.П.
|
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.
Мухамадиева А.Д.,
байқаудың модераторы